Жарияланды: 290

Шетінен оталып жатқан орманды қорғаудың орнына шенеуніктер ішінде аң аулаған

Оңтүстік Қазақстандағы орман шаруашылығында тал қалмай барады. Бадамда жыңғыл ағашының үштен бірі оталып таусылуға шақ тұр. Тоғайдың жанында тұратын жұрт күндіз-түні шабылып, көліктермен тасымалданып жатқан браконьерлерде не орманшылардың, не учаскелік полицейлердің шаруасы жоқ дейді. Ал қой деуге де жарамай жүрген шенеуніктер демалыс күндерін шаруашылық ішінде аң-құс аулауды әдет қылыпты. Тоғайымыз тақырға айналып бара жатыр деп

шулаған жұртпен тілшіміз Бек Әбиев тілдесіп келді.

- Көрінбейтін қалың-тұғын осы жер. Арасында мал да жүре алмайтын. Күндіз келіп, шауып кетеді.

Арыс өзенінің бойындағы жыңғыл биылғы жылу маусымы басталғалы аяусыз оталып жатыр. Күндіз келіп отын шабатындар түнде бірнеше көлікке тиеп жайбарақат алып шығады екен. Қазан айынан бері отап жатқандар тәулігіне 10 шақты арбамен отын шығаруға дейін жетіпті.

Обшым екі ай көлемінде жоқ болады мына жер. Бұған тыйым салу керек. –Тыйым салынып жатыр ма? – Ешқандай тексеру жоқ. Тыйым салынса осылай жатады ма?

Шулап жатқан бұл жұрт орман шаруашылығы жанында іргелес жатқан бірнеше ауылдың тұрғындары. Жанайқайды тыңдайтын бір кісі жоқ деп шырылдайды.

Бадам орман шаруашылығы қазір қоқыс полигонына көбірек ұқсайды. Мұнда тұрмыстық қалдықтар жыңғыл арасында да, жолда да тау болып үйіліп жатыр. Тұрғындар мұнда демалмақ түгілі қазір тыныстауға да қорқатын болған.

Осы қоықта 5 жыл орманшы болған Бағдат Дауылбек жуырда жұмысынан қуылыпты. Басшыларына өкпелі ол орман шаруашылығындағы былықты жайып салды. Тоғайға бөлінген қаржы жолда жоқ болады деген ол өзі істеген уақытта ағаштар бір мәрте дәріленбеген дейді. Есесіне облыстың дөкейлері мұнда демалыс сайын сайран салады екен.

Бағдат Дауылбек, бұрынғы орманшы:

 -Кешке жақын тоғайға кіре алмайсыз. Әсіресе суббота-воскресенье күндері. Өңшең жоғарыдан дәулер келеді. Лауазымды қызметтегілер атады, джиппен аралап жүр. Бұл жерде в основном қырғауыл мен қоян.

Орман шаруашылығының басшылары болса жұмысымызды мүлтіксіз атқарып отырмыз деп ақталады. Ал өздері жыл басынан бері бірде-бір заңсыз отыншыны ұстамапты.  

Ерлан Тұрғанов, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары:

Мүлдем ұсталғандар жоқ па? – Бар, мал жаю бойынша мусор тастау фактісі бойынша олар анықталған.

Сала басшылары енді жұрт айтқан жәйттерге байланысты тексеруді күшейтеміз дейді. Алайда, қорық жанындағы қараша жергілікті шенеуніктердің тексеруінен нәтижен боларына сенбейді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін