Жарияланды: 140

Шөкеев топ-менеджерлердің айлығын санайтындарға шүйлікті

Топ-менеджерлердің сыйақысын санау – әдепсіздік. «Самұрық-Қазынаға» тиесілі ұлттық компания басшыларының миллиондаған сыйақысы жайлы сұраған журналистерге қор төрағасы Өмірзақ Шөкеев  осылай ренжіп қалды.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы:

-Дамыған елдерде менеджерлердің алатын ақшасы бұлайша жария етілмейді. Өйткені, ол компанияның табыс табуына кедергі. Біз «Самұрық-Қазынада» білікті менеджерлердің жұмыс істегенін қалаймыз. Бірақ, табысын санап, жұрт сынап жатса, ондай жерде кім қызмет еткісі келеді?

Негізі әңгіме «Қазақстан темір жолының» басшыларынан басталды. «Шығын шаш етектен болса да топ-менеджерлер өздеріне миллиондап бонус жазды» деген ҚТЖ қызметкерлерінің домалақ арыз күні кеше ғана әлеуметтік желілерде тараған болатын. Ұлттық компания басшылығы мұны жоққа шығарғанымен, миллиондап болмаса да сыйақының берілгенін мойындады. Бұған дейін миллиондарды тіпті «Самұрық-Қазынаның» топ-менеджерлері де алғаны айтылған. Дегенмен биыл табыстың азаюына байланысты басшыларға ешқандай бонус болмайды деді Шөкеев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін