ШҚО геологиялық барлау жұмыстарына 2008 жылдың бюджетінен шамамен 900 млн теңге бөлу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО геологиялық барлау жұмыстарына 2008 жылдың бюджетінен шамамен 900 млн теңге бөлу жоспарланып отыр

ШҚО геологиялық барлау жұмыстарына 2008 жылдың бюджетінен шамамен 900 млн теңге бөлу жоспарланып отыр

ӨСКЕМЕН . 18 сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы геологиялық барлау жұмыстарына 2008 жылдың бюджетінен шамамен 900 млн теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Сәуiр 2007
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жуырда ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі геология және қазба байлықтарды пайдалану комитетінің бастығы Болат Өжкенов ШҚО территориясында жұмыс істейтін қазба байлықты пайдаланушы мекеме өкілдерімен өткен кездесуінде мәлімдеген.

«Осы жылы ШҚО бойынша геологиялық барлау жұмыстарына республикалық бюджеттің есебінен бөлінген қаражат 560 млн теңгені құрады»,-деп хабарлады Б.Өжкенов.

Қазіргі кезде ШҚО-да шамамен 130-ға жуық отандық кәсіпорын және 20 шақты шетелдік компания қазба байлықтарына зерттеу жүргізуде. 2007 жылы аталған бағыттағы инвестиция көлемі $874,5 млн доллар болады деп күтілуде. 2006 жылы қаржылай міндеттеме 1 млрд 123 млн астам долларды құрады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде геологиялық ізденістер төрт жоба бойынша 44 мың шақырымдық алаңда жүргізілуде. Ақбастау -Қосмұрын металогендік аймақ, Солтүстік-Николаевское және Бахрушенское кен орындары, Селекциялық руда аймағы.

Баспасөз қызметнің хабарлауынша, «Аймақтардың әлеуметтік дамуына және жергілікті қазба байлықтарын пайдаланушы кәсіпорындардың жергілікті инфрақұрылымдарына шамамен $6 млн жұмсалған».

Шығыс Қазақстан облысында қатты пайдалы қазбалар кен орындары көп. Республика территорисындағы алтын, мыс, титан, мырыш, қорғасын, молибден қорларының тең жартысы осы облыстың үлесінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті