Жарияланды: 460

ШҚО полицейлері жаңадан 89 көлік алды

Бүгін Өскемен қаласындағы Республика алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ішкі істер депратаментінің қызметкерлеріне жаңа 89 автокөліктің кілтін табыс етті.

ШҚО Ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыповтың айтуынша, өткен жылы полицияға 87 көлік берілген, биыл тағы да 89 көлік тапсырылды. Аймақтық ішкі істер департаментінің жетекшілері ведомствоның автопаркі 90 пайызға жаңарып отырғанын атап өтті. Автокөліктер барлығы 251 млн.теңгеге сатып алынған. Сондай-ақ әкімдік облыстық бюджеттен басқа да техника үшін қаражат бөледі, деп жеткізді ШҚО ІІД бастығы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін