Жарияланды: 400

ШҚО жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

ШҚО жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

«Қазақавтожол» РМК республикалық маңыздағы жолдардағы көлік қозғалысының жағдайы туралы хабарлады.

ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты (боран) осыған дейінгі енгізілген республикалық маңыздағы жолдардағы көлік қозғалысына шектеу қою шешімі сақталады.

   «Өскемен-Шемонайха- РФ шекарасы» 108-123 км. Шемонайха қаласынан РФ шекарасына дейінгі Учаске; 

  «Алматы- Өскемен» 977-1073 км. Калбатау ауылынан  Қ.Қайсенов кентіне дейінгі дейінгі учаске;

«Өскемен -Зыряновск-Рахман қайнары» 6-66 км. Ушанова ауылынан  Серебрянск қ. дейінгі учаске;

«Өскемен -Семей». Өскеменнен  Шүлбі кентіне дейінгі учаске 8-154 км;

 «Өскемен -Шемонаиха- РФ шекарасы» Первомайка кентінен Шемонаихақ. дейін 54-102 км. учаске;

 «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз»  320-704 км. Қарағанды облысы шекарасынан Аягөз қ. дейінгі учаске;

 «Алматы- Өскемен» жолының 778-973 км.  Аягөз қ. Қалбатау ауылына дейінгі учаске;

  «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 700-900 км. Аягөз-ден Ақсуатқа бұрылатын жолға дейінгі учаскесі;

  «Өскемен -Риддер- РФ шекарасы» Михайловка ауылынан Риддер қ. дейінгі 25-105 км. дейінгі учаске;

   «Семей- РФ шекарасы (Барнаул)» 2-113 км. Семей қ. РФ шекарасына дейінгі учаске;

  «Омбы-Майқапшағай» 756-906 км. Семей қ.  Қалбатау ауылына дейінгі учаске.

Сонымен қатар,  сағат 09.15 ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Өскемен» км.683-768 тас жолының   Таскескен ауылындағы бұрылыстан Аягөз қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.  

 Ал сағат 10.00-де Қарағанды облысының автожолдарына қойылған шектеулер алынып тасталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін