ШҚО-да 9-сынып оқушысы 50 жастағы әйелді зорламақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 9-сынып оқушысы 50 жастағы әйелді зорламақ болған

ШҚО-да 9-сынып оқушысы 50 жастағы әйелді зорламақ болған

Шығыс Қазақстан облысында 9-сыныптың оқугысы 50 жастағы әйелді көшенің қақ ортасында зорламақ болған. Артынша жәбірленуші полицияға хабар беріп, жеткіншек қолға түсті деп жазады Tengrinews.kz.

  • 17 Шiлде 2017
  • 238
Фото - Caravan.kz

Оқиға Үржар ауданының орталығында орын алған.

"Кәмелетке толмаған бозбала қараңғы түскен уақытта ауылдағы әйелдердің біріне шабуыл жасап, онымен жыныстық қатынасқа түспек болған. Жәбірленуші қашып құтылыпты. Кейін дереу полицияға хабар берген. Біздің қызметкерлер шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктінің ізін суытпай қолға түсірді. Анықталғандай, ұсталған бозбала Алматы облысының тұрғыны екен, Үржарға туыстарының үйіне қонаққа келген. Қазір ол сол туыстарының үйінде, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, адам зорлауға ұмтылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті үйқамақта. Ол өзіне тағылған айыптардың барлығын мойындап отыр.


Соңғы жаңалықтар