ШҚО-да қар құрсауында қалған әйелді толғақ қысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да қар құрсауында қалған әйелді толғақ қысты

ШҚО-да қар құрсауында қалған әйелді толғақ қысты

Шығыс Қазақстан облысында жолда қар құрсауында қалған көлікте құтқарушылар толғағы басталған жүкті әйелді қауіпсіз жерге көшірді.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 547
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

“Алматы-Өскемен” тас жолынан 52-53 шақырымда тұрып қалған жолаушылар автобусында жүкті әйел болған. Жолда автобуспен бірге бірқатар көлік құралдары тұрып қалыпты. Көліктер жолда бірнеше сағат бойы қар тазалайтын жол қызметінің көмегін күткен.


“Құтқарушылар мен “Апаттар медицинасы орталығының” қызметкерлері дереу жолға шықты. Дәрігерердің көлігі көлікке 10 шақырым жер қалғанда тұрып қалған. Сондықтан да дәрігерлер құтқарушылардың көлігімен әйелге жетіп, оны жедел жәрдем көлігіне әкелуге мәжбүр болды”, — делінген хабарламада.

Жүкті әйел перзентханаға жеткізілді.