ШҚО-да рейстік автобус жол үстінде отқа оранды
![]() |
Шемонаиха-Өскемен тас жолының 10 шақырымында бағыт бойынша бет алған «Өскемен-Томск» рейстік автобусы отқа оранды, деп хабарлады ШҚО ТЖД. |
«Неоплан» маркалы автобуста қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, салон, 36 шаршы метр алаңда дөңгелек жанып кетті.
Өрт бірнеше минутта оқшауланып, 40 минуттан кейін ауыздықталды. Өртті сөндіруге ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері (3 адам, 1 бірлік техника) қатысты.
Жолаушылар (10 адам) жол-жөнекей көліктермен Шемонаиха қаласына жеткізілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін