ШҚО-да тұрғын үйде шыққан өрттен әйел адам мен үш бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да тұрғын үйде шыққан өрттен әйел адам мен үш бала қаза тапты

ШҚО-да тұрғын үйде шыққан өрттен әйел адам мен үш бала қаза тапты

Камышенка ауылында өрт шығып, иіс тию салдарынан әйел адам мен үш бала қаза тапты. Балалардың ең кішісі - үш жаста.  Оқыс оқиға Шемонаиха ауданындағы ауылда өткен түнде орын алды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.

  • 22 Желтоқсан 2015
  • 472
Фото - Caravan.kz

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 15 минут ішінде жетті. Ауыл 28 өрт сөндіру бөлімінен 20 шақырым жерде орналасқан.

«Өртті ауыздықтау кезінде төрт адам табылды. Құтқарушылар әйел адам мен үш баланы ақ халаттыларға тапсырды. Өкінішке орай, олар жан тапсырып үлгерген»,-  деді аудандық ТЖБ аға инженері Ерболат Бурабаев.

Көршілердің сөзіне қарағанда, балаларды жиі жалғыз қалдырып отырған. Бұл жолы үш қыз ата-анасы жұмыста болғанда жабық үйде ойнап жатқан. Түтін мен отты көрген көршілер өрт сөндірушілерді шақырды. Құтқарушылар келгенге дейін үй иесінің әпкесі балаларды құтқару үшін үйге ұмтылған. Ол қайтып шықпады.  

Белгілі болғандай, бұл жанұяның тағы екі баласы бұл кезде мектепте және балабақшада болды.


Қазір өрт шығуы себебінің екі нұсқасы: балалардың отты абайсыз пайдалану және пешті пайдалануда қауіпсіздік шараларының сақталмауы қарастырылып жатыр. 

ТЖД хабарлағандай, жыл басынан аймақта балалардың отты абайсыз пайдалануы салдарынан 22 өрт оқиғасы тіркелді. Онда 4 бала қаза тапты. Иіс тию салдарынан 15 адам қаза тапты, 150 адам жарақаттанды.