Жарияланды: 530

ШҚО-да зейнеткер әйел еріне 21 рет пышақ салған

ШҚО-да зейнеткер әйел еріне 21 рет пышақ салған

Зырянның 62 жастағы тұрғыны мас күйінде өз-өзін жесір қыла жаздады, деп хабарлайды YK-news.kz.

Жұма күні кешкілік егде жастағы ерлі-зайыптылар үйінде отырып бірге арақ ішкен. Спирттік ішімдік аяқталған соң, жұбайы оны сатып алу үшін жақын жердегі дүкенге барып келмек болды. Бір шөлмек арақпен оралған кезде ер адам есіктің жабық тұрғанын көреді.

Есікті қаншама қағып, үйге кіргізуін сұраса да ашпаған.

Ашуланған ол үйге терезе жақтауын сындырып кірмекке әрекеттенді. Асүйден пышақ алып шыққан әйелі терезенің ар жағынан тұрып оған қайта-қайта сұққылаған.

Бұған қарамай ер адам ақыры үйіне кірген. Әйелі сонда да тынышталмай, оны керуетке құлатып тағы соққының астына алмақ болады. Бірақ қанға боялған ерін көріп, тез есін жинады. Оның өлімінен қорыққан әйел жедел жәрдем шақырды. Жәбірленушінің денесіне 21 рет пышақ жарақаты  салынғаны анықталды.

Аса қатыгездікпен дене жарақаттарын салғаны үшін әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін