ШҰҒЫЛ! Жарылғыш заттарды тасымалдады деген күдікпен Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының мүшесі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҰҒЫЛ! Жарылғыш заттарды тасымалдады деген күдікпен Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының мүшесі ұсталды

ШҰҒЫЛ! Жарылғыш заттарды тасымалдады деген күдікпен Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының мүшесі ұсталды

Қарағанды. 23-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" -Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясының мүшесі Павел Шумкин ереуілге шыққан кеншілермен кездесуге кетіп бара жатқан жерінен жарылғыш заттарды тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ол "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне телефон арқылы хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 408
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ол Сәтпаев қаласына «Қазақмыс» корпорациясының иелігіндегі № 65 шахтаның ереуілге шыққан кеншілерінің шақыруы бойынша кетіп бара жатқан. Ол Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сергей Белкиннің ресми рәсімдеген іссапарда болған.

Қарағандыдан 60 шақырым қашықтағы Абай қаласында оның көлігін полиция қызметкерлері құрықтаған. Оны жүргізушісімен бірге Абай қаласының полиция бөліміне жеткізген. Павел Шумкиннің айтуынша, оған жарылғыш заттар тасымалдады деген айып тағылуда. Қазіргі уақытта одан полицияда жауап алынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті