Шведова WTA рейтингінде 35-орынға көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шведова WTA рейтингінде 35-орынға көтерілді

Шведова WTA рейтингінде 35-орынға көтерілді

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде екі позицияға көтеріліп, 35-орынға жайғасты.

  • 29 Сәуiр 2013
  • 399
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz-тің хабарлауынша, қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева бір апта ішінде 8 тармаққа жоғарылап, 88-орынға орналасты. Ал Ксения Первак 108-орында қалды.

Галина Воскобоева болса, бір позицияны жоғалтып, 117-орынға сырғыды. Сесиль Каратанчева 119-орыннан 118-ге көтерілді. Зарина Дияс он орынға жоғары өрлеп, 208-ге табан тіреді.

WTA алғашқы ондығында өзгерістер болған жоқ. Бірінші орынды америкалық теннисші Серена Уильямс сақтап тұр. Ресейлік Мария Шарапова — екінші, Беларусь спортшысы Виктория Азаренко үшінші орында.