Шығыс Қазақстан облысында 22 асыл тұқымды шаруашылық құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 22 асыл тұқымды шаруашылық құрылады

Шығыс Қазақстан облысында 22 асыл тұқымды шаруашылық құрылады

СЕМЕЙ. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында малдың тұқым сапасын жақсарту және оның өнімділігін арттыру үшін 22 асыл тұқымды шаруашылық құрылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Мамыр 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, асыл тұқымды шаруашылықтар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановтың тапсырмасымен құрылуда. Белгіленген кестеге сәйкес 2007-жылы 4 асыл тұқымды шаруашылық, 2008-жылы — 8, 2009-жылы — 10 шаруашылық құрылады. Сонымен бірге малды жасанды жолмен ұрықтандыратын 81 бөлімше құру межеленген. Қазіргі жағдаймен осындай 19 бөлімше құрылды. Жылдың аяғына дейін тағы 50 құрылады.

Еттің сапасын жақсарту мен оны өндіру көлемін арттыру үшін 37 мал бордақылау алаңы мен 12 сүт-тауарлық фермасын құру межеленген. Субсидия алу ережелеріне сәйкес, әрбір алаңда 200-ден төмен емес басты мал болмақ. Қазір қолда бар фермалардың базасында осындай 24 алаң құрылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті