Оның ақпараттарына сүйенсек, Көкпекті АІІБ табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері жол полициямен бірлесе отырып Казанков өткелінде Алматы тұрғыны басқарған » Тойота Ланд Крузер» көлігін тоқтатқан. «Көліктің жүк салғышын тексеру барысында полицейлер рұқсат беретін құжатсыз атылған аюдың терісін, басын және 14 кг етін тапқан»,- деп түсіндірді Л. Поломошнова.
Сонымен қатар, полицейлер көліктен екі карабин, навигатор, екі рация тапқан. «Сұрау барысында алматылықтардың Шығыс Қазақстан облысына демалуға, заңды айналып өтіп — лицензиясыз аң аулауға келгендігі белгілі болды»,- деді баспасөз қызметінің бастығы.
Браконьерлер құрықталып, полиция бөліміне әкелінді. Заттай дәлелдер тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті