Шығыс Қазақстан облысында бес кеден бекетінде шекаралық сауда аймағы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында бес кеден бекетінде шекаралық сауда аймағы құрылды

Шығыс Қазақстан облысында бес кеден бекетінде шекаралық сауда аймағы құрылды

СЕМЕЙ. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында бес кеден бекетінде шекаралық сауда аймағы құрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады.

  • 30 Сәуiр 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz

Шекаралық сауда аймақтары Зайсан, Үржар, Бородулиха және Шемонаиха аудандарында құрылды. Осы мақсатта «Майқапшағай», «Бақты», «Ауыл», «Жезкент» және «Уба» кеден бекеттері таңдалды.

Мұндай шекаралық сауда аймақтарын құрудағы мақсат — шетелдік әріптестермен бірлескен бизнес жүргізу, Қытай және Ресеймен арадағы тауар айналымын арттыру.

Аталмыш аймақтардың аумағында бірлескен сауда-саттық жүргізуге қажетті барлық жағдайлар жасау жоспарланған. Оларда сауда алаңдары, қонақ үйлер, қойма жайлары, АТС, автотұрақтар, көңіл көтеру орталықтары т.б. салынады. Құрылыс жұмыстары бюджет қаржысы, инвесторлар қаржысы мен Қазақстан заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден шығарылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті