Шығыс Қазақстан облысында ғимарат бұзу барысында плита құлап екі адам мерт болды
Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласында 4-қыркүйек күні 15 сағат 30 минутта 5 қабатты шала салынған ғимаратты бұзу барысында 2-ші және 3-ші қабаттардың арасындағы еден плитасы құлады,- деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен. Агенттік ақпаратына сәйкес, оқиға салдарынан 1967-ші және 1986-шы жылы туған екі адам плитаның астында қалып қайтыс болды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін