Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскемендегі жол шұңқырларына жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскемендегі жол шұңқырларына жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскемендегі жол шұңқырларына жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салды

ӨСКЕМЕН. 23 - сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов Өскемендегі жолдардың ахуалына жауап беретін мекемелердің жол шұңқырларына жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салды,

  • 23 Сәуiр 2007
  • 486
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі обыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Жол салу нысандарына барған Ж. Кәрібжанов қаладағы жолдың шұңқырларына жүргізіліп жатқан жұмыстарды «ақшаны жерге тығу» деп атады»,- деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметіндегілер.

«Біздің басты міндетіміз — адамдардың облыс орталығының жолдарында рақаттанып жүруін қамтамасыз ету»,- деп атап көрсетті әкім.

Ж. Кәрібжанов қаланы аралау барысында, бүгінгі күнде бюджеттің облыс орталығының 40 шақырым жолына тұтас, ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретіндігін, атап өтті. Бұл Өскеменнің жалпы жол желісінің 10 пайызын құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті