Жарияланды: 580

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды

Боран салдарынан Өскемен-Тарғын тас жолы жабылған кезде үш учаскеде қар көшкіні орын алды.

99 км 800 м учаскесінде 1000 текше метр қар түсті, 100 км 150 м учаскесінде  700 текше метр, осыдан тағы 50 метр қашықтықтағы жерде 500 метр метр қар түсті. Таудан түскен жалпы көлемі 2200 текше метрді құрайтын қар жолды жауып тастады. Жапа шеккендер жоқ.

Түнде жол тазартылды. Бұл жұмысқа «ОблШығысЖол» КМК-ның 5 қызметкері мен қар тазалайтын 4 жабдық тартылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін