Шығыс Қазақстанда тағы бір орман өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда тағы бір орман өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстанда тағы бір орман өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орман өртеніп жатыр.

  • 18 Маусым 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 маусымда Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) жетуі қиын таулы жерде өрт шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Алдын ала дерек бойынша тілсіз жау тараған аумақ – 15 гектар. Өртті сөндіруге «Қазавиаорманды қорғау» қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, ТЖД өрт сөндірушілері жұмылдырылды.

«Барлығы 111 адам, 3 техника және ШҚО әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмыс істеуде. Жалынмен күреске жұмылдырылған адамдар сол жерге тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», — делінген ақпаратта.