Шығыс Қазақстанда үш жасар баланы оқтаумен ұрып өлтірген фермер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда үш жасар баланы оқтаумен ұрып өлтірген фермер сотталды

Шығыс Қазақстанда үш жасар баланы оқтаумен ұрып өлтірген фермер сотталды

Үш жасар баланы аяусыз сабап өлтіргені үшін айыпталған ер адам жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейтін болады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

Облыстық прокуратура мәліметіне сүйенсек, оқиға 2017 жылы мамыр айында Аягөз ауданында шаруа қожалықтарының бірінде болған. Ферма иесі мас күйінде жұмысшыларының үш жасар ұлына ішімдік ішкізіп, бала жылай бастағанда, жұлқып алып, еденге лақтырып жіберген. Жерге құлаған сәби анасын шақыра бастайды. Фермада тұрып, жұмыс істейтін әйел балаға көмектеспек болғанымен, қожалық иесі оны итеріп, шығарып жібереді. Кейін баланың үнін өшіру үшін, оқтауды алып, 24 рет ұрған. Сәби алған жарақатынан көз жұмады.

Сәбидің қаза тапқанын түсінген ер адам оның анасымен келіспек болады. Әйелге қоқан-лоққы көрсетіп, полицияға бала төбеден құлап, қаза тапты деп айтқызады. Жұмысынан айырылып, панасыз қалудан қорыққан әйел қожайынының дегеніне көнген.

Алайда біраз уақыт өткен  соң әйел адам баласының ажалы туралы бар шындықты айтып береді. Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот жас сәбиді өлтірген ер адамды 16 жыл 1 айға бас бостандығынан айырды.


 

Соңғы жаңалықтар