Шымкент зообағында сусиыр бірінші рет төлдеді
Шымкент зообағында үлкен қуаныш. Мұнда бірнеше жылдан бері төлдей алмай жүрген сусиыр бірінші мәрте төлдеді. |
Туылғанына бір апта да болмаған бұзау бір адым енесінен қалмайды. Тек әлі судан қорқатын болуы керек, Ламбада есімді шешесі хауызға түскенде ғана жағада жалғыз күтеді. Ал әкесі –Тұрсынды зоологтар әзірге төлінен аулақта ұстап отыр. Сусиырдың баласына әлі ат қойылмаған. Себебі, қызғаншақ енесі төліне жақындатпағандықтан жануардың ұрғашы әлде еркек екені белгісіз.
Латипша Әлиев, Шымкент зообағы директорының орынбасары:
- 4-ші рет туып жатыр. Соның ішінде 2-уі қайтыс болды. 2-уі қайтыс болғанда вообще бұл аң очень беспокойная да. Стрессовый состояниеде баласын или өлтіріп қояды или басып қояды. Ревновать етеді, ешкім көрмесін деп. Содан бізде 2-уі қайтыс болған, мынау 4-шісі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін