Шымкентте 10 күн бойы із-түссіз жоғалған 6 жасар қыз табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 10 күн бойы із-түссіз жоғалған 6 жасар қыз табылды

Шымкентте 10 күн бойы із-түссіз жоғалған 6 жасар қыз табылды

Ал Шымкентте 10 тәуліктен астам уақыт бойы із-түссіз кеткен қыз аяқ астынан табылды. 6 жасар Нұрайдың отбасына қайтып оралғанын тіпті тәртіп сақшыларының өзі таңғажайып оқиғаға теңеп отыр. Қала тұрғындарының бірі оны кездейсоқ жолықтырыпты. Жол шетінде жылап отырған қызды көрген азаматтардың бірі Нұрайды танып, полицияға хабар берген.

  • 22 Қазан 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz


Мектептің дайындық сыныбына барып жүрген бүлдіршінді сабақтан кейін әлдебіреу әжесімін деп жетектеп кеткен болатын. Кейін күдіктінің кескін-келбеті мен жоғалған қыздың суреті Шымкенттің барлық түкпіріне ілінді. Ал бауыр еті балаларынан көз жазып қалған ата-анасы қыздарын тауып бергендерге 50 мың доллар ұсынған еді. Қызды көшеден көріп, полицияға тапсырған азаматтың сол сыйақыны алған-алмағаны белгісіз. Ал ақ жаулықты күдікті әйел қызға түгелдей жаңа киім алып беріп, көшеге тастап кетіпті. Оны бүлдіршіннің өзі айтып отыр.