Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен

Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен

Шымкентте аурухадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр.

  • 13 Қыркүйек 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысының 12 миллион 700 мың теңгесін қолды еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ол жәбірленушіні «банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін» деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен, – делінген полиция хабарласында.

ПБ өкілдері суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның «102» арнасына немесе
8 (7252) 33-98-42
, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.