Шымкентте алтын алып өтпек болған тұрғын әуежайдан ұзай алмады
Шымкентте 29 келі алтынды шетелден заңсыз алып кірмек болған азамат ұсталды. Құны миллиондармен бағаланатын тауарды Түркиядан әкеле жатқан 39 жастағы күдікті әуежайдан оп-оңай өтемін деп ойласа керек. |
«Стамбул-Шымкент» рейсінен түскен Ахматолла Қоразбаевтың жүгі шекарашыларға күдік тудырған. Кедендік декларацияда 86 келі күміс деп рәсімделген үш сөмкенің біреуі күміс емес алтынға толы екен. Күдіктіге сол жерде кісен салынса, тәркіленген тауарлар тексеруге жіберілді. Сонымен бірге енді оның тауарды түрік шекарасынан қалай асырғаны анықталуы тиіс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін