Бектасовтың пікірінше, таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен автомашинасы жолдардың кесірінен қайта жөндеуді талап етуде. «Мен салықты дер кезінде төлеймін. Жыл сайын көлік салығын төлеп тұрамын. Алайда Шымкенттің жолдарына тіпті сапасы да мықтылығымен әйгілі «Мерседес» те шыдамайды»,-деді М.Бектасов.
Бектасовтың адвокатының айтуынша, көлікті қайта жөндеу үшін 30-40 мың теңге қажет деп бағалады». «Тізім мен жалпы құнын да шағымға қосып жібердім»,-дейді көлік жүргізуші.
М.Бектасов сотқа өзге де дәлелдерімен келмек. «Бұларға қоса мен күнде жұмысқа баратын жолды да суретке түсірдім. Барлығы 48 фотосурет шықты. Бұл менің азамат ретінде қандай себептермен сотқа шағымданып отырғанымды соттың нақты дәлелдер жүзінде көз жеткізуі үшін жасалып отыр»,-түсіндірді ол.
М.Бектасов көрсетілген сомаға машина қайта жөндеуіне кеткен ақша және ол 3 миллион теңгеге бағалаған моральдық шығынын өтеу еніп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті