Шымкентте бала сатумен айналысқан алпыстағы әйел сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бала сатумен айналысқан алпыстағы әйел сотталды

Шымкентте бала сатумен айналысқан алпыстағы әйел сотталды

Зейнеткер Махнара Юлдашева периниталдық орталыққа түк қатысы болмаса да, анасы бас тартқан бірнеше шақалақты саудаға салған.

  • 31 Желтоқсан 2015
  • 193
Фото - Caravan.kz

Босандыратын мекемеде танысы бар Юлдашева көбіне сәбиінен құтылғысы келетіндерді іздеген. Сөйтіп, оларды перзенті жоқ адамдарға сатып отырыпты. 2013 жылдан бері қарай 4 бөбекті 300 мыңнан бастап, миллион теңгенің аралығында саудалаған. Зейнеткер тергеушілерге мұндай қадамға нәрестелер жетімханаға түспесін деген оймен бардым деп ақталды. Алайда өзі 4 қыз тәрбиелеп отырған ақ шашты анаға судья сенген жоқ. Енді алпысты алқымдаған ол 5 жылын жалпы режимдегі колонияда өткізуі тиіс. Ал оның перзентаханадағы сыбайластары қазір тергеліп жатыр. Бүгін үкім оқылған соң сотталушының туыстары оның аты жаман аурумен ауыратынын алға тартып, сот залында шу шығарды.