Шымкентте белгісіз біреулер астаналық әйелдің 14 миллион теңгесі бар сөмкесін тартып алмақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте белгісіз біреулер астаналық әйелдің 14 миллион теңгесі бар сөмкесін тартып алмақ болған

Шымкентте белгісіз біреулер астаналық әйелдің 14 миллион теңгесі бар сөмкесін тартып алмақ болған

Шымкентте белгісіз біреулер әйел адамның 14 миллион теңге салынған сөмкесін тартып алмақ болған.

  • 7 Маусым 2018
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

4 маусымда көлікте отырған астаналық әйелден белгісіз адамдар 14 миллион теңге салынған сөмкесін тартып алмақ болған. "Сөмкені алып кетуге көлік жүргізушісі бөгет болған, олар жүргізушіні пышақпен жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам ауыр жағдайда жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің "Қарақшылық" және "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша СДТБТ-ға тіркелді", — дейді облыстық ІІД-нің өкілдері. Полиция мәліметі бойынша, қылмыстың ізі суымай тұрып, ОҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайы тексеріліп, басқа қылмыстармен байланысы анықталып жатыр.
 

Оқи отырыңыз:

Шымкентте белгісіз біреулер астаналық әйелдің 14 миллион теңгесі бар сөмкесін тартып алмақ болған

Головкин әлем чемпионы белдігінен айырылды

Елбасы Қытайға ресми сапармен барды
 

Соңғы жаңалықтар