Шымкентте екі теміржолшы 22 тоннадан астам жанар-жағармай ұрлаған
![]() |
Шымкентте көлік полициясы 22 тоннадан астам жанар-жағармай ұрлаған екі темір жол қызметкерін ұстады. |
Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ірі көлемде жанар-жағармай материалдарын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында Шымкент стансасындағы Желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлері Шымкент ст. мен Қазығұрт ст. маневрлік диспетчерлері - екі қызметкерді ұстады.
Олар ауысым кезінде 22 тонна Шымкент ст. паркінде жүк пойызындағы цистерна вагонынан 730 келі ЖЖМ ұрлауды жоспарлап, ұйымдастырғаны анықталды.
Күдіктілер жауап алу кезінде осы қылмысқа қатыстылығы туралы айғақты дәлел берді. Заттай айғақтар ішінара тәркіленді.
Олар Шымкент қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Сот алды тергеу жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін