Шымкентте екі жасөспірімді пышақтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте екі жасөспірімді пышақтап кетті

Шымкентте екі жасөспірімді пышақтап кетті

Шымкенттің екі оқушысының санына құрдастары пышақ жарақаттарын салды.

  • 1 Қазан 2015
  • 388
Фото - Caravan.kz

Әл-Фараби аудандық прокуратурасының хабарлауынша, № 13 мектепте оқитын екі жасөспірім үйлеріне оралып келе жатқанда кәмелеттік жасқа жетпеген екеу оған тарпа бас салды. Бұзақылық жасаған олар екі жасөспірімнің санына пышақ салған. Абырой болғанда пышақ терең кірмеген. Бозбалалар ауруханаға шағымданып, одан медициналық көмек алған соң, үйлеріне оралды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 293 бабының 3 бөліміндегі 2 тармағы («қаруды қолдана отырып адамдардың топпен жасаған бұзақылығы») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары өткізілуде.

Шабуылдаған екі жасөспірімнің тұлғалары анықталды. Олардың біреуі ұсталып, уақытша қамау абақтысында отыр. Күдікті екінші жасөспірім ізделуде, оны ұстау бойынша жедел шаралар өткізіліп жатыр. «Оқиғадан бір күн бұрын бұл мектептің оқушылары арасында жанжал шыққаны белгілі болды. Алайда жәбірленген бұл екі оқушының аталған оқиғаға қатысы жоқ. Жолда жас азамат кездесу үшін 11 сынып оқушысын шақыруды талап еткен. Жәбірленушілер талаптан бас тартқанда, әуелі төбелес басталып, одан кейін күдіктілер пышақ қолданған», — деп баяндады Шымкент ІІБ басшысы Арман Бейсенбаев.

Бұл оқиғадан кейін Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мектеп жанжалдарына соғыс жариялап отырғанын мәлімдеді. Қала басшысы жастарға арнаған сөзінде бүгінде өз күшіңді пышақпен дәлелдеу сәннен шыққанын айтты. «Онымен не дәлелдемексіңдер? Күштерің көп болса, әжелерге, балалар мен мүгедектерге көмек көрсетіңдер. Сонда пайдаларыңды тигізерсіңдер. Сөздерімді ұмытпаңыздар — мектепке травмат немесе пышақ алып келетіндерге аяушылық жасалмайды», — деді Шымкент әкімі №13 мектептің оқушыларына арнаған сөзінде.


Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент ІІБ басшысына оқушылардың жанжалына жол берген мектеп директоры және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторға қатысты шаралар қолдануды тапсырды. Бұдан басқа, мектептегі жанжалдардың алдын алу мақсатында қала басшысы бүкіл мектептерді өз бақылауына алған. 

Соңғы жаңалықтар