Шымкентте ер адамды танысы ұрып өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ер адамды танысы ұрып өлтірген

Шымкентте ер адамды танысы ұрып өлтірген

Шымкентте ер адамды танысы ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

  • 31 Тамыз 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Қалалық полиция департаменінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға 25 тамызда болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кешкі уақытта Тұран АПБ-ның 102 арнасына Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды», — делінген хабарламада.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тіркеді. Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.


«Белгілі болғандай, ер адамдар арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген ПД хабарламасында.