Шымкентте фонтанға шомылған 10 жасар бала көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте фонтанға шомылған 10 жасар бала көз жұмды

Шымкентте фонтанға шомылған 10 жасар бала көз жұмды

Шымкентте субұрқақта шомылған 10 жасар бала мерт болды.

  • 25 Шiлде 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа суға түскен 10 жастағы жеткіншек оқиға орнында жан тапсырды. Бұл туралы сағат 19:30 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына хабарлама түскен, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы Шымкент полициясына сілтеме жасап.

Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады, — делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Жалпы Шымкент қаласы аумағында суда жаппай демалу, туризм және спортпен шұғылдану үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Ал қала аумағында жалпы 32 фонтан бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр.