Шымкентте Ираннан әкелінген зарарланған көкеністерді сатпақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Ираннан әкелінген зарарланған көкеністерді сатпақ болған

Шымкентте Ираннан әкелінген зарарланған көкеністерді сатпақ болған

Шымкентте дәл қазіргі уақытта коронавирус өршіп тұрған Ираннан әкелінген көкөністерді сатпақ болған.

  • 11 Наурыз 2020
  • 62
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бірақ мәселе көкөністерде емес, қауіпті зиянкестер — батыс гүл трипсі. Дегенмен, тексеру барысында жәндіктердің жоқ екені анықталды. 

Көкөністер тексерілгеннен кейін 60 тоннадан астам қияр тәркіленді. Зарарланған көкөністер полигонда жойылды, ал кәсіпкерге 80 мың теңгеге айыппұл салынды.

Сарапшылардың айтуынша, зиянды жәндіктер адам үшін қауіп төндірмейді. Ал ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Трипс өнімнің 70%-ын жоюға қабілетті.

"Егер зарарланған өнімді жоймаса, онда қауіпті жәндіктер тез тарайды. Одан зиян өте үлкен. Ол біздің қалада жылыжай шаруашылықтарына, жеміс-көкөніс дақылдарына зиян келтіруі мүмкін",
— деді Шымкент қаласының агроөндірістік кешендегі МИК аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.

Соңғы жаңалықтар