Шымкентте көпбалалы әйелді көлігімен қағып өлтірген зейнеткер болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көпбалалы әйелді  көлігімен қағып өлтірген зейнеткер болып шықты

Шымкентте көпбалалы әйелді көлігімен қағып өлтірген зейнеткер болып шықты

Шымкентте көпбалалы ананы көлікпен қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Желтоқсан айының соңында Бақыткүл Әбдиеваны жүргіншілер жолағында опат қылған адам 78 жастағы зейнеткер болып шықты. Ол полицияға өзі келіпті.

  • 14 Қаңтар 2016
  • 298
Фото - Caravan.kz

«Нексианың» соққысынан 32 жастағы келіншек 18 метрге дейін ұшып кеткен. Базарда нан сатып, 5 баласын асырап жүрген әйел ауруханада бір күннен соң жан тапсырды. Кінәліні жан-жақта орнатылған не бейнекамералар арқылы таппай, не куәгерлерді анықтай алмаған полицейлерге бірнеше күннен кейін 78 жастағы ақсақалдың өзі келіп, кінәсін мойындапты. Ал кешігу себебін сырқаттанып қалғандығымен түсіндірген. Қазір 2 бап бойынша тергеу жүріп жатыр. Қария ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген.

Сапарғали Тұрманов, тергеуші:

-Өз сөзі бойынша 83-ші жылғы Шымкент тұрғынын қағып кетеді абайсызда. Қорқып оқиға орнынан қашып кетіп қалғанын айтып отыр. Зейнет жасында болғаннан кейін ауырып ауруханада жатқанын айтып отыр.