Шымкентте полиция басқармасының бастығы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте полиция басқармасының бастығы ұсталды

Шымкентте полиция басқармасының бастығы ұсталды

Шымкент қаласында пара алды деген күдікпен көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды.
&nb

  • 16 Шiлде 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қалалық полицияның өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығын ұстады.

Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады, — делінген ресми хабарламада.


Айта кетері, былтыр Павлодарда көші-қон полициясы басқармасы бөлім бастығының орынбасары Өзбекстан азаматынан пара алғаны үшін үш жылға сотталған болатын.