Жарияланды: 270

Шымкентте қызметкерлерін сабап тастаған кәсіпкерге қатысты сот басталды

Шымкентте қарамағындағы жұмысшыларды соққыға жығып, ақша бопсалаған кәсіпкер мен оның көмекшісіне қатысты сот басталды. Киім сататын «Дефиле» дүкендер желісінің қожайыны Бақытбек Нұрманов пен оның көмекшісін 5 бірдей қызметкерді тепкілеп, тіпті зорламақ болды деп айыптаған болатын.

Түрлерін көрсетпеуді сұраған бұл екеуі тағылған айыптармен келіскен жоқ. Тергеу барысына кәсіпкер жездесінен таяқ жеген Тахир Тахтақожаев та разы емес екен. Сондықтан қайтадан жіті тексерілсін деп талап етіп отыр. Шымкенттік кәсіпкерге қатысты шу мамырда басталған. «Дефиле» дүкенінің әрі қызметкері, әрі иесінің туысы Тахир Тақтақожаев бастығынан 5 күн бойы таяқ жегенін айтып, тіпті зорламақ болды деп айыптаған. Жалпы, басшыдан таяқ жедік деген жұмысшылардың саны 5 адам.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін