Жарияланды: 420

Шымкентте төрт адамның өліміне кінәлі жүргізуші ұсталды

Шымкентте төрт адамның өліміне кінәлі жүргізуші ұсталды

Шымкентте сот төрт адамның өліміне кінәлі болған жүргізушіні қамауға алу санкциясын шығарды.

Тергеу жүргізілгенше, адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік апатына кінәлі Мұрат Тәнкеев тергеу оқшаулағышында отырады. Әл-Фараби аудандық соты оны 2 айлық мерзімге қамауға алу шешімін шығарды. Осындай шараны оқиғаның жұртшылықты дүрліктіргенін, көлікті басқару кезінде күдіктінің мас күйінде болғанын және тергеу кезінде ізін жасыра алуын есепке алған прокурор да сұратқан еді

Еске сала кетейік, жол-көлік апаты жексенбі күні орын алған. «Лексус» джипінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып, онда «Ауди» көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның екі 6 жасқа толайын деп жүрген және 1 жас, 4 айлық бүлдіршін екі немересі ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Жүргізушінің ұлы жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Бастапқыда Мұрат Тәнкеев өз кінәсін мойындамаған, деп еске алады қаза болғандардың туыстары. Ол ОҚО ІІД-гі байланысының бар екенін айтып, «судан ақ, сүттен таза болып шығатынына» сенімді болған. Бірақ сотта отбасынан кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінішін білдірді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін