Шымкентте үлкен салтанатпен берілген пәтерден тұрғындар қашып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте үлкен салтанатпен берілген пәтерден тұрғындар қашып жатыр

Шымкентте үлкен салтанатпен берілген пәтерден тұрғындар қашып жатыр

Шымкентте жарты жыл бұрын ғана пайдалануға берілген жаңа үйлерден тұрғындар безіп жатыр. Бюджеттік мекеме қызметкерлері, жетімдер мен мүгедектерге арнап салынған 9 қабатты нысандарда не газ, не жылу, не ыстық су жоқ. Кешкісін жабыла электр жылытқыштарын қосқан сәтте жарық та сөніп қалады.

  • 7 Қараша 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz

Бұл сәуір айында ғана жылдап кезекте тұрған жұрттың облыс басшыларының қолынан пәтер кілтін алып тұрған сәті. Тек «Нұрлы жол» бағдарламасымен баспаналы болған тұрғындардың қуанышы алғашқы жылу маусымы басталмай жатып-ақ су сепкендей басылды.

-Газ жоқ , жарық та жиі өшеді.

9 қабатты үйлерге қоныстанған 700-ге тарта жан пәтерлері даладан бетер суық екенін айтып отыр. Ал қала басшылары қараша айына дейін үйлер толық жылуға қосылады деп уәде берген екен.

Жаурайсыңдар. Үстілеріңді жабыңдар. Жаурап қалмаңдар. Қолдарыңды жауып отырыңдар. Қолдарың қатып қапты ғой.

Көшіп келгеніне жарты ай ғана болған Бибігүл Тойшиева бала-шағасымен осылай жылынады. Бұған дейін пәтер жалдап тұрған санитар дәрігер осы 1 бөлме үшін ай сайын 22 мың теңге төлеуі керек.

Бибігүл Тойшиева, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Бұл үйге келгенімізде бізге келісім шарт  берді ғой. Бізге бұлай айтқан жоқ. Бәрі ішінде, бәрі дайын, көшіп барыңыз деп айтқан. Ал біз келсек ешқандай жағдай жоқ.  Десе де бізден 1 айдың пәтерақысы мен 1 жылдың салығын жинап алды.

Ал қала басшылығы газдың келмеуін тұрғындардың пәтерлерге толық қоныстанбауымен түсіндіреді. Ыстық судың жайы мүлдем белгісіз. Ал жылуды мердігер компанияға ысырып қойды. Бірақ олардың өз уәждері бар.


Дмитрий Ракицкий, мердігер компанияның өкілі :

-Келісім бойынша немістің жылыту қазандығын орнатқанбыз. Германиядан маман да келді. Құжат бойынша жылуды 1-ші желтоқсанға дейін қосуымыз қажет. Ал қараша айының басында қосамыз деп ешкімге уәде берген емеспіз.Мұны әкімдіктегілер де біледі.

Зарықтырып күттірген неміс маманы жалмажан жұмысқа кірісіпті. Енді алдағы 10 күнде жылуды толық береміз деп отыр. Тек тұрғындар әлі не жылуы жоқ, не газы мен ыстық суы қосылмаған үйлерге қоныстандыруға шенеуніктердің әуелден асықтырғанын түсінбейді.