Шымкентте ҰҚКД бұрынғы қызметкері педофилие үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ҰҚКД бұрынғы қызметкері педофилие  үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкентте ҰҚКД бұрынғы қызметкері педофилие үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы қызметкері педолфилие жасағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шымкенттің Әл-Фараби ауданының прокуроры Нұрлан Әбдіраманов хабарлады.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Айыпталушы сот шешімімен қатаң режимде тоғыз жыл бас бостандығынан айырылды»,- деп хабардар етті Нұрлан Әбдіраманов.

Бұрын хабарлағанымыздай, тамыз айының соңында Шымкентте 30 жастағы жігіт жеті жасар екі қызды жертөлеге алдап апарып, онда порнографиялық суреттер мен өзінің жалаңаш денесін көрсеткені үшін ұсталған болатын. Алғашқыда ұсталған азаматтың әрекеттері жасөспірімдерді пәктік жолынан тайдыру ретінде квалификацияланған болатын.

Бірақ, Нұрлан Әбдірамановтың хабарлауынша, «тергеу барысында істің қосымша егжей-тегейі белгілі болып, айыптау басқа бап бойынша қайта өзгертілген болатын». Нәтижесінде сот айыпталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 121-бабының, 3-тармағының «в» тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша қатаң режимде 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Нұрлан Әбдірамановтың айтуынша, сот үкімін бұздыру туралы шағым беру мерзімі әлі аяқталған жоқ, сондықтан да ол апелляцияға бере алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті