Жарияланды: 850

Шымкентте жасалған макарондар ТМД нарығын жаулап алды

Шымкентте жасалған макарондар ТМД нарығын жаулап алды

Шымкентте жасалған макарон өнімдері ТМД елдерінің нарығын да жаулап алып жатыр, - деп хабарлайды 24.kz,

Италияның озық қондырғыларымен жабдықталған кәсіпорын жоғары сұрыпты ұннан жасаған кеспелері мен макаронның бірнеше түрін экспорттайды. Зауытта бұрынғыдай ешкім қамырды қолмен илеп, оның ашығанын тәулік бойы күтіп отырмайды. Артық шығын жоқ, уақыт та үнемделеді. Барлық құрал-жабдықтар компьютермен басқарылады. Кәсіпорында макарон өнімдерін жасайтын қос бірдей желі орнатылған. Екеуі де – ең соңғы үлгідегі озық техннологиялар. Бас-аяғы 12 минутта қамырды иленіп, одан дайын өнім шығарады. «Шикізат – қазақстандық. Ұнның да сапалысын таңдаймыз. Өйткені қамыр дұрыс болмаса, макарон өнімдері қатып қалады», - дейді мамандар.

Марина Абрамова, бас технолог:

- Қазақстанда бұған тең келетін кәсіпорындардың баламасы жоқ деуге болады. Шикізатты қабылдап алғаннан бастап, оны дайын өнім етіп шығарғанға дейін бас-аяғы 6 сағат уақыт кетеді. Біздің кәсіпорын макаронның қысқа және ұзын түрлері мен кеспелер шығарады. Сатып алушыларды да қызықтырып отырған осы түрлері. Зауыттағы барлық қондырғылар компютер көмегімен басқарылады. Иленген қамыр вакуумде сығымдалып,  арнайы өнім жасалады. Сосын кептіргіштің көмегімен суытылады. Ұн бункерге құйылып, одан дайын өнім болып шыққанға дейінгі жұмыс жабық түрде жүреді. Әр ауысымда жасалған өнімнің сапасы жіті тексеріледі. «Қондырғыда ақау пайда болса, қаншама өнім жарамсыз болып қалуы мүмкін. Сондықтан оған жол бермеуге тырысамыз», - дейді мамандар.

Марина Тужилкина, оператор-технолог:

- Бұрын осының барлығын қолмен істейтінбіз. Қазір өте оңай. Бұның барлығы осы заманауи қондырғылардың арқасында қол жеткен жетістік. Біз макарон дайын өнім болып шыққанда барып, бір-ақ көреміз. Барлығы жабық күйде орындалады. Кәсіпорын жылына 22 мың тонна макарон өнімдерін шығаруға қауқарлы. Болашақта томат пен жұмыртқа қосылған макаронның жаңа түрін де шығарып көруді жоспарлап отыр. Зауыт сондай-ақ кондитерлік өнімнің 22 түрін шығарады. Сапалы өнімге көрші Қырғызстан мен Тәжікстан, Ауғанстан мен Түркіменстан елдерінен де сұраныс артып, табыс көбейген. Өнімнің 20%-ын экспорттайды. Еліміздің ДСҰ кіруі нарықтың көк жиегін ашып, бәсекелестікті арттырады, - дейді мамандар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін