Шымкенттегі базарда ламинат қоймасы өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі базарда ламинат қоймасы өртенді

Шымкенттегі базарда ламинат қоймасы өртенді

Шымкентте ламинат сақтайтын қоймада өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

  • 21 Шiлде 2023
  • 37
Фото - Caravan.kz

Шымкент ТЖД "101" диспетчерлік пультіне 20 шілдеде сағат 19:47-де Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесінде "Дархан" базары аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Жеке орналасқан бір қабатты көлемі 150 шаршы метр болатын ламинат сақтайтын қойма ішінде ламинат жанды. Өрт салдарынан 1 дана жүк көтергіш зақымданған.

Өрт сағат 20:16-да оқшауланып, сағат 21:16-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығынның көлемі анықталып жатыр", — делінген хабарламада.

 Өртті сөндіруге Шымкент ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 58 қызметкері мен 14 техникасы, Апаттар медицина орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылған.