Жарияланды: 380

Шыңғырлауда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: қоғамдағы әйелдің ролі» атты конференция өткізілді

БҚО-ның Шыңғырлау ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігі «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: қоғамдағы әйелдің ролі» атты конференция өткізді.

Оған Орал қаласы мен облыс аудандарынан өкілдер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Аталмыш қоғамдық бірлестік төрайымы Айсұлу Арыстанова әйелдердің аудан өміріндегі орнына тоқталса, облыс әкімі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Светлана Әлмұханова БҚО-дағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік саясат жөніндегі стратегиялық жоспардың орындалу барысы жайында баяндап берді. Конференцияға қатысушылар әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға арналған қорытынды құжат қабылдап, Л.Қылышев атындағы Шілік орта мектебінде, №7 кәсіптік лицейде болды. Достық үйінде ұлттық-мәдени орталықтар мүшелерімен кездесті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть