Десе де көпшілік оның бұл әрекетін сынап тастаған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бойжеткеннің хиджабқа қатысты жанайқайы желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды.
«Менің сыныптастарым осылай қатысып жатыр. Ал мені қатыстырған жоқ, қазір сөйлей алмай тұрмын…Неге қатыстырған жоқ? Себебі мен хиджаптамын, шықпайсың деп тұрып алды, сөйтіп қатыса алмадым. Соңында суретке түсер кезде ғана шығамын. Былай шыға алмаймын», — деді бойжеткен.
Көпшілік мектеп оқушысының бұл әрекетін сынға алған. Олар оқушы қыздың мектепте екенін әрі оның заңына бағыну керектігін айтқан.
«Дұрыс мектеп тәртібі, заңы бар . Басқа уақытта киінеді бер еш қарсылығымыз жоқ, бірақ заң барлығына бірдей», «Хиджап киіп, бетіне бар бояуды жағып, не болды сонда?», «Мүмкін менікі дұрыс емес шығар, бірақ мен мектепте хиджаб киюге қарсымын» деп жазды олар.