ШЫҰ аясындағы 6 халықаралық жүк тасымалының 4-еуі Қазақстан арқылы өтетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ аясындағы 6 халықаралық жүк тасымалының 4-еуі Қазақстан арқылы өтетін болады

ШЫҰ аясындағы 6 халықаралық жүк тасымалының 4-еуі Қазақстан арқылы өтетін болады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған келісім 2014 жылы Душанбе қаласында жасалған. 

Тұтастай алғанда, құжат ШЫҰ мемлекеттері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдай жасап, оны дамыту үшін тараптардың күш-жігерін үйлестіруді қарастырады. Бұдан бөлек, келісім аясында халықаралық автомобиль тасымалдарына қатысты тараптардың құжаттамасын, рәсімдері мен талаптарын жеңілдету және үйлестіру шаралары қамтылады.

«Құжатта Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан арасында рұқсат жүйесі негізінде келісілген бағыттар бойынша жүк тасымалдау көзделіп отыр. Бұл үшін келісім аясында алты бағыт айқындалған. Олардың төртеуі Қазақстан арқылы өтеді. Сонымен бірге, әр бағытты ашу мерзімі бекітілген әрі олардың мерзімі 2020 жылдан кешіктірілмейді. Келісім күшіне енгеннен кейін ұйымға мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары бекітілген бағыттар бойынша тасымалдарды жүзеге асыруға, соның ішінде Қытайдың шығыс бөлігінен Батыс Еуропаға дейін жүк тасуға мүмкіндік алады», — деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.


Оның айтуынша, келісім қабылданған жағдайда Қазақстан арқылы автомобиль көлігімен өтетін транзиттік жүктердің көлемі 2020 жылдан бастап, 73 млн тоннаға дейін артатыны күтіледі.

Соңғы жаңалықтар