Сириядағы радикалды топтардың қатарын қазақтар толтырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы радикалды топтардың қатарын қазақтар толтырып жатыр

Сириядағы радикалды топтардың қатарын қазақтар толтырып жатыр

Жиһадқа жиналған қазақтар! Ғаламторда Сирияға соғысқа барған қазақ отбасылары туралы бейнеролик көрсетіліп жатыр. Таспада қауға сақалды қандастар бала-шағаны ертіп, соғысуға келгенін ашық айтуда.  Жиһад жасауға жалпы саны 150 қазақ келіпті. Оның 30-ы әлі бесіктен белі шықпаған балалар. Тек жерлестеріміздің шиеттей бала-шағамен қалай шекара асқаны түсініксіз. Лаңкестермен күреске жауапты орган - Ұлттық қауіпсіздік комитеті де, Сыртқы істер министрлігі де әзірше үнсіз.

  • 22 Қазан 2013
  • 1305
Фото - Caravan.kz

 «Аллаһу әкбар» деп түн ішінде айқайлап отырған өзіміздің қандастар. Араларында балалары да бар. Барлығы бір-бірден қару ұстаған. 

Мынадай құралдармен алхамдулла джихад қылуға шықтық. Соған амал жасаудамыз иншалла. Бауырларымызбен,  бала-шағамызбен, Алхамдулла отбасыларымызбен джихадқа қылуға хиджра қылдық.

Отанынан безіп Сирияға  жиһад жасауға келгендерді осындағы бауырлары екі қабатты зәулім үйге жайғастырған. Сәт сайын бірнеше көлікпен азық-түлік, қару-жарақ жеткізіп тұратынға ұқсайды. Биік дуалмен қоршалған үйдің ауласы балаларға толы. Алды енді еңбектей бастаса, көбі емшектегі сәбилер. Үш жастан асқан қыздар хиджабпен тұмшаланып алған. Жалпы ересектеулерінің саны отызға жуық. Әрі кетсе, жеті мен сегіз жастың аралығында. Жат ағымның жетегінде кеткен әке-шешелері олардың да санасын әбден улаған.

Мына заман өзгерді,

Аттанатын кез келді

Жүректерде иман оянды

Найза қанға боялды.

Әке-шешелері бесіктен белі шықпаған ұл-қызын «жанкешті» болуға әзірлеп жатқандарын ашық айтады. Жиһадқа әзірлік ретінде ер балаларды кәнігі спортшылар әзер істейтін жаттығуларға салып қойған. Ал адасқан жерлестеріміздің қолдаушылары мына арабтар секілді. Қатарларының толыққанына олар дән риза. Бауырларына жаңа тапсырмалар беріп жатқандай.

Ғаламторға жарияланған таспада бет жүздері ашық бес қазақ сөйлейді. Аты-жөндерін арабшалап  алған.

Абдол-Рахман әл-Казақи:     


Алла тағалла, шәйіттердің жандарын әртүрлі қылып алып наградасынабайланысты жаннаттың төрінен орын береді.

Сақалдысы, сақалсызы бар әйтеуір бірінен соң бірі сөз алғандар   адастық деп отырған жоқ.

Сайф әд-дин әл-Казақи:

Қазір кейбір бауырлар алданып қалады. Фард кефайр деп. Ол мүлдем олай емес.  Ғалымдар айтады бір қадамдай жерге жау кірсе бүкіл ол жердегі бүкіл мұсылмандар болып қорғануы керек деп. Олар қорғануға шамасы келмесе көрші  жерлерге көшеді. Сөйтіп бүкіл жер шарын алады.

Ұзақтығы жиырма минуттық роликті түсіріп ғаламторға салған  мына араб екен. Соңында қазақтар бала-шағалары мен өздерін өлімге қиюға дайын деп мәз боп отыр. Бір қызығы видеода бойжеткен қыздар мен әйелдер мүлдем көрінбейді. Ал Башар Асад билігіне қарсы күресіп жатқан  Сириядағы   бірнеше исламшыл топтар жақын күндері  жерлестерімізді жиһад жасауға пайдаланатындарын ашық айтып отыр.

Ғаламторды шулатқан таспаға қатысты лаңкестікпен күреске жауапты орган яғни  еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақ ашқан жоқ. Десек те, 150 қазақтың бала-шағасымен шекараны еш қиындықсыз кесіп өтіп, Сириядан қалай бір-ақ шыққаны түсініксіз. Сыртқы істер министрлігі Дамаскіде дипиломаттарымыз болмағандықтан, Иорданиядағы елшілік арқылы сұрау салған. Бірақ оған соғыстан көз ашпай отырған мемлекеттің ресми орындары тез арада  тұщымды жауап қайтаруы екіталай.  Ал осы кезде Сириядағы радикалды топтардың сапында қанша қандасымыздың  жүргені белгісіз.