Сочи-2014: шаңғышы Чеботько ширек финалға өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочи-2014: шаңғышы Чеботько ширек финалға өтті

Сочи-2014: шаңғышы Чеботько ширек финалға өтті

Сочидегі Олимпиада ойындары аясында жарыс жолына шыққан үш қазақстандық шаңғышының арасынан Николай Чеботько спринттік бәсекенің еркін стильдегі сайысында үздік отыздыққа енді.

  • 11 Ақпан 2014
  • 567
Фото - Caravan.kz


Еркін стильдегі іріктеу спринтіне ерлерден Қазақстан намысын шаңғышылар Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рогозин қорғаған болатын. Чеботько 3 минут 37,88 секунд көрсеткішімен жалпы есепте 30-шы орын иеленді. Денис Волотка болса — 58-орында, Роман Рогозин 33-орында келді. Үздік 30 спортшы біліктілік сайысынан өтіп, ширек финалға жолдама алды.
Еске сала кетер болсақ, Николай — классикалық стильдегі командалық спринтте Әлем чемпионатының қола жүлдегері.