Сочи-2014 ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың алауы жарылғандығы жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочи-2014 ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың алауы жарылғандығы жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Сочи-2014 ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың алауы жарылғандығы жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Сочидегі Олимпиада ойындарының ұйымдастру комитеті эстафетаға қатысушының қолында олимпиадалық алауының шырағы жарылды деген бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарды жоққа шығарды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

  • 23 Қазан 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын БАҚ-тар YouTube-гі бейнеге сілтеме жасап осындай хабар таратқан болатын. Атап айтқанда онда алау оты лаулап жанып, шырақтың тұтқасына дейін тарағаны көрсетілген. Таратылған мәліметтерге қарағанда, аталған оқиға 18 қазанда Костромада орын алған және онда алауды қолына ұстап келе жатқан 13 жасар қыз зардап шеккені айтылған болатын.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко Twitter-де алаудың жарылғандығы жайында ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін жазған.

«Ешқандай да жарылыс болған жоқ. Тек техникалық ақаулық орын алып, кейін басқа шыраққа ауыстырылды. Яғни эстафета өзінің жолын жалғастырды. Алауды қолына ұстағандар еш зақым алған жоқ»,-делінген таратылған хабарламада.


Белгілі болғандай, шырақ лаулаған кезде оны жоғарыда аталған 13 жасар қыз емес, атап айтқанда ұйымдастыру комитетінің қызметкері ұстаған екен.