Солтүстік пен шығыста қар жаууы мүмкін
Қыс қыр астында! «Қазгидромет» ертеңнен бастап күннің тағы күрт салқындайтынын айтып, шұғыл ескерту жасады. Тіпті еліміздің біраз бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, жұртты әбігерге салғалы тұр. |
Әсіресе, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай мен Қарағанды облыстарында күн қатты суытпақ. Мұнда температура – 5 градусқа дейін төмендемекші. Сүйектен өтер қара суықтан тоңған орталықтың тұрғындары қыстық киімдерін қайта шығаруға мәжбүр. Ал жылу тек қазанның 15-не таяу берілетінін ескерсек, ызғардан қорғану үшін жұрт тоқ пештерін қосып амалдауға көшкен. Ал бірі бүрсеңдеп отырғанда, Оңтүстікте әдеттегідей күн райы шуақты. Жаңбыр да жоқ. Бірақ бұл өңірлерде қалың тұман түсіп, күшті жел тұруы мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін