Жарияланды: 450

Солтүстік Қазақстан әкімдігі БАҚ арасында конкурс жариялады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай облыс әкімінің сыйлығына бұқаралық ақпарат құралдары арасында конкурс жариялады.

Талапкерлер өз материалдарын ішкі саясат басқармасының атына 2011 жылдың 2 желтоқсанына дейін жолдай алады. Конкурс ережесі бойынша, 2011 жылдың 1 қаңтары мен 1 желтоқсаны аралығында эфирге шыққан, Интернет-порталда жарияланған «Тәуелсіздік жылдарындағы - Солтүстік Қазақстан облысы» тақырыбын қамтитын материалдар - мақалалар, бейнематериалдар, сюжеттер, теле-радиобағдарламалар қабылданады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін