Жарияланды: 300

Солтүстікте сабақ үстінде қайтыс болған оқушы өлімінің себебі айтылды

Дене шынықтыру сабағында қайтыс болған қыздың өліміне  жүрек талмасы себеп болған. Солтүстік Қазақстан облысында 7-ші сынып оқушысы Светлана Краснощекованың мәйітіне сараптама жасаған мамандар осындай тоқтамға келді. 

Светлана жаттығуларды бастағанда-ақ құлап қалған көрінеді. Дәрігерлер 40 минут бойы қыздың өмірі үшін арпалысыпты. Алайда ажалдан арашалай алмаған. Ал сот сараптамасы «қыз жүректің аяқ асты тоқтап қалуынан қайтыс болды» деген тоқтамға келді. Бірақ оқушы бұған дейін денсаулығына байланысты ешқашан шағым айтпаған екен. Сол күні де көңіл-күйі көтеріңкі болыпты. Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жалғасып жатыр.

Күлпаш  Қалғожина, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Баланың қасында болған. Сол сәтте мұғалімдер бірінші көмекті дұрыс көрсеткен деп шешілді. Қасындағы балалар уақытында спортзалдан шығарылып, бөлек кабинетке шығарылды. Психологиялық ол балаларға көмек көрсетілді. Қайтыс болған баланың ата -анасы тарапынан бүгінгі күні білім бөліміне не мектепке деген ешқандай кінә қойылып  отырған  жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін