Ол суық қаруды алып жүрудің заңсыз екенін біле тұра, суық қаруға жататын пышақты өзімен бірге алып жүрген, деп хабарлады Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметінен.
Іс құжаттарына сәйкес, қоғамдық орындарда азаматтардың заңдылықты сақтауын қадағалау барысында желілік полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері Шиелі стансасының теміржол вокзалының күту залында отырған сотталушы К.-ның жеке басын анықтау үшін полицияның кезекші бөлмесіне жеткізіп, тексеру барысында оның қолындағы ала түсті қытайлық сөмкесіндегі ойыншықтарының астынан суық қаруға жататын пышақ тауып алған. Дәлелдеме зат ретінде хаттама толтырып алынды.
Сотта сотталушы К. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот сотталушының бас бостандығын 1 жылға шектеді. Үкім заңды күшіне енбеген.